“Қазақстандықтардың кредиттерін жабуда”: несиенің жабылуы жөнінде тың ақпарат шықты

3478
Adyrna.kz Telegram

Алматылықтар бұрынғы Ұлттық банк орналасқан ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ғимаратының жанына жиналып, өздері алған несиені есептен шығару туралы өтініш жазды. Ғимарат маңындағы шектен тыс кезекке полицейлер бас-көз  болды деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ғимарат маңына екі жүзге жуық адам жиналды. Алматылықтар өз арыздарын көліктердің үстінде жазып, оны қақпа сыртынан қабылдап жатқан қаржы реттеушісінің өкілдеріне берді. Бірақ, әрине, ешкімді ішке кіргізбеді. Ал Ұлттық банк бұған дейін несиелерді есептен шығару туралы ақпарат жалған және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаған болатын. Қазақстандықтарды ресми ақпарат көздеріне сенуге және кеңес алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1477 байланыс орталығына хабарласуға шақырды.

Сондай-ақ бүгінде 2007-2008 жылдардағы қаржылық дағдарыстан және теңгенің құнсыздануынан ең көп зардап шеккен ипотекалық қарыз алушылардың жекелеген санаттарына – ипотекалық несие алған қарыз алушыларға көмек көрсететін бір ғана Ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бағдарламасы бар екені хабарланды.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер