Қырғыз-Алаш қайраткерлеріне арналған көрме ұйымдастырылды

2356
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев және Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Касмамбетов қырғыз халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жүсіп Абдрахмановтың туғанына 120 жыл толуына және Қырғыз Республикасының құрылуына қатысты архив құжаттары мен тарихи фотосуреттерден арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады.

«Қазақ-қырғыз – Алаштан» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Халықаралық Түркі академиясы мен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві бірлесіп өткізген танымдық шараға екі елдің Мемлекеттік хатшыларымен бірге, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Арслан Койчиев, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманкулов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты  Каныбек Иманалиев, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан тарихшылар қауымдастығының төрағасы Мәмбет Қойгелдиев, белгілі қырғыз тарихшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Зайнидин Курманов, сондай-ақ бір туған екі елдің зиялы қауым өкілдері мен танымал ғалымдар қатысты.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві, Қазақстан Республикасы Президенті архиві және Кинофото және дыбыс жазбалары архиві қорларындағы материалдар қойылды.

Экспозициялар қырғыз халқының көрнекті перзенті Жүсіп Абдрахмановтың өмірі мен қызметін, қазақ қайраткерлерімен қарым-қатынасын, Орта Азиядағы бауырлас елдердің ұлттық саясатын және тағы да басқа тақырыптарды қамтыған.

Пікірлер