Алматы облысы, Талғар ауданындағы Төңкеріс ауылында болған өрттен 34 адам баспанасын тастап, туыстарының үйін паналауға мәжбүр. Барак типті үйде 8 пәтер болған. Абырой болғанда тұрғындар дін аман, дер кезінде далаға шығып үлгеріпті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Аудандық әкімдіңтің Instagram-дағы парақшасында өртенген үйде 34 адам тұратыны жазылды. Қамыстан құрылған барак типті баспанада 8 пәтер болған.
Үйде барлығы 34 адам тұрады. Оның 16-сы бала. Өртенген 6 пәтерде барлығы 30 адам тұрған, оның 15-і бала. Үй 1952 жылы қамыстан салынған. Үйі өртенген отбасыларға мемлекет есебінен көмек беру мәселесі қаралады,
Ұқсас жаңалықтар