Сәтбаевтағы оқиға: Тұрғындар күдіктіні өздеріне тапсыруды талап етті

4866
Adyrna.kz Telegram

Кеше, 23-ші шілде күні түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейіннен бөтен пәтерден табылған. Енді жергілікті тұрғындар ұсталған күдіктіні өздеріне беруді талап етуде деп хабарлайды adyrna.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

23 шілдеде 21.00-де Жезқазған қаласының тұрғыны Сәтпаев қ.ПБ жүгінді, ол өзінің 5 жасар қызының жоғалып кеткенін хабарлаған. Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің жеке құрамы мен еріктілер қатысқан іздестіру шараларының нәтижесінде бала көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылды.

Бала қазір ауруханада қаралуда. Күдікті қамауға алынды.

Алайда бірнеше ондаған адам күдіктіні өздеріне тапсыруды талап етуде. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды. Қарағанды ​​облысының полиция басқармасы қоғамдық тәртіпті және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолданады.

 

Пікірлер