ЕЭО елдері: Қазақстан қарызы одақ ішінде артқан

2305
Adyrna.kz Telegram

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жалпы мемлекеттік қарызы 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 347,2 млрд долларға жетті, бұл 2020 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 32%-дан астам көрсеткішке жоғары, деп хабарлайды "Адырна". 

Қазақстанда 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 21,8 трлн теңгеден асты (Ұлттық банктің қарызын қосқанда), бұл бір жыл бұрынғыдан 11%-ға артық. Доллармен есептегенде бұл көрсеткіш 51,3 млрд долларды құрады.Сонымен бірге Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикасы бойынша Қазақстанның ішкі қарызы 14,5 трлн теңгені, ал сыртқы қарызы 7,4 трлн теңгені құрады.

Ресейде мемлекеттік қарыз 18,9 триллион рубльге (жылына + 29,4%) немесе 259,3 миллиард долларға жетті. Ішкі – 15,9 триллион рубль, сыртқы – 2,9 триллион рубль.

ЕЭК мәліметтері бойынша Беларусьте мемлекеттік қарыз бір жылда 0,3%-ға өсіп, 57,1 млрд рубльге немесе 22,7 млрд долларға дейін өсті, оның ішінде ішкі қарыз 11,3 млрд рубль және сыртқы қарыз 45,8 млрд рубль болды.

Ал Арменияда бұл көрсеткіш елдің Орталық банкінің қарызын есепке алғанда 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 4,4 триллион драмды (жылына + 14,1%) немесе 9 миллиард долларды құрады. 1,1 триллион драм ішкі қарыз және 3, 2 триллион драм сыртқы қарыз.

Өз кезегінде Қырғызстанның мемлекеттік қарызы бір жылда 7,4%-ға өсіп, 412,6 млрд сом немесе 4,9 млрд долларды құрады.Ішкі – 60,6 млрд сом, сыртқы – 352 млрд сом.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер