Бүгін, 24 желтоқсанда Астананы дамыту мәселесіне арналған кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің жұмысына оң баға берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Жеңіс Қасымбек – менің талабыма сай келетін әкім. Бұған дейін, айтқым келмейді, бірақ мұндай түсінік болмаған»,-деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкіміне Smart City жобасын мүмкіндігінше қысқа мерзімде толық аяқтауды тапсырды. Президент мемлекеттік басқару жүйесіне озық технологиялық шешімдерді енгізу бағытында Жапонияның тәжірибесіне назар аударуға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
