Песков: Түркілердің отаны Түркияда емес, Ресейде (ВИДЕО)

7549
Adyrna.kz Telegram

Ресей Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға сыйға тартылған «Түркі әлемі» картасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

- Біздің түрік әріптестеріміз түркі бірлігі идеясын ұстанады, бұл қалыпты жағдай. Алайда, мен өкінетін жалғыз-ақ нәрсе картада түркі әлемінің орталығында үлкен қызыл жұлдыз жоқ,-деді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналист Павел Зарубинге берген сұхбатында.

Песков сонымен қатар түркі әлемінің орталығы Ресейде екенін атап өтті.

- Ол (орталық) Түркияда емес, Ресей Федерациясының аумағында, Алтайда, кез келген түрік шыққан сол киелі мекенде. Мұны мен түркітанушы ретінде айтып отырмын, - деп мәлімдеді Песков. 

“Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер