Песков: Түркілердің отаны Түркияда емес, Ресейде (ВИДЕО)

8111
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/b4dd16a1-598b-4955-bebc-5cfea642889c.jpeg
Ресей Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға сыйға тартылған «Түркі әлемі» картасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. https://youtu.be/9r642s8vyXE
- Біздің түрік әріптестеріміз түркі бірлігі идеясын ұстанады, бұл қалыпты жағдай. Алайда, мен өкінетін жалғыз-ақ нәрсе картада түркі әлемінің орталығында үлкен қызыл жұлдыз жоқ,-деді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналист Павел Зарубинге берген сұхбатында.
Песков сонымен қатар түркі әлемінің орталығы Ресейде екенін атап өтті.
- Ол (орталық) Түркияда емес, Ресей Федерациясының аумағында, Алтайда, кез келген түрік шыққан сол киелі мекенде. Мұны мен түркітанушы ретінде айтып отырмын, - деп мәлімдеді Песков. 

“Адырна” ұлттық порталы 

Comments