Белгілі жазушы Рахымжан Отарбаев дүниеден озды

2010
Adyrna.kz Telegram

Белгілі жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаев өмірден озды. Қаралы хабар туралы фейсбуктегі парақшасында ақын Бауыржан Қарағызұлы жазды.

"Қайран Ағам-ай! Өткінші дүние-ай! Рахымжан Отарбаев дүниеден өтіпті! Сене алмай отырмын! Төбемнен жай түскендей болып отырмын! Иманы саламат болсын, қайтейін…", — деп жазды ақын.

Рахымжан Отарбаев 1956 жылы 19 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келген. 1977 жылы Орал педагогика институтын бітірген.

Әр жылдарда "Орал өңірі" газетінде тілші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақ телерадио комитетіне редактор, "Қазақ әдебиеті" газетінде, "Жалын" альманахында бөлім меңгерушісі, Қырғызстанда Қазақстан елшілігінің атташесі, Маңғыстау облыстық радио-телевидение компаниясының төрағасы, Атырау облыстық драма театрының директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінде сектор меңгерушісі және т.б лауазымды қызметтер атқарды.

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың бас директоры болды.

Жазушының әр жылдары "Шер", "Жұлдыздар құлаған жер", "Жайық жыры", "Қараша қаздар қайтқанда", "Дауысыңды естідім", "Отверженный мир" атты прозалық жинақтары және таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрген. Қытайдың "Ұлттар" баспасынан қытай, қазақ тілінде 2 томдығы, Ресейдің "Художественная литература" баспасынан орыс тілінде бір томдығы және қырғыз тілінде кітаптары жарық көрген. Жекелеген шығармалары түрік, араб, ағылшын тілдерінде басылған. "Бейбарыс сұлтан", "Бас", "Нашақор жайлы новелла", "Нұржауған-ғұмыр", "Сырым батыр", "Мұстафа Шоқай" сынды пьесалары республикалық және шетел театрларында сахналанған.


 Sputniknews.kz

Пікірлер