Өскеменде полиция көлігі қарсы бетке шығып, автобусқа соғылды (ВИДЕО)

2282
Adyrna.kz Telegram

Өскеменде полиция көлігі қарсы бетке шығып, автобусқа соғылды. Апаттың салдарынан 5 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде куәгерлер құқық қорғау органдары қызметкерінің мас күйде көлік жүргізгенін мәлімдеген еді. Алайда медициналық сараптама бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Лексус" маркалы автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, салонында 4 жолаушысы болған автобуспен соқтығысқан. Бірнеше адам дене жарақаттарын алды. "Лексус" маркалы көліктің жүргізушісі кезекшіліктен кейін демалыста жүрген полиция қызметкері екені анықталды»,– деп жазды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда аталған факті тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер