Өзбекстан ТМД аймағында "Орыс тілі жылын" бекітіп, оны ұлтаралық тіл ретінде атап өту бойынша ұсынысты қолдады. Ол туралы "Россия-24" арнасына Өзбекстанның СІМ басшысы Абдулазиз Камилов сұхбат барысында мәлімдеді.
Министр Өзбекстан мен Ресей арасында қатынасқа барынша мән беретінін атап өткен. Оның ойынша Өзбекстанда Ресейді қолдау барынша жүріп жатыр. Мысал ретінде Ресейдің 15 ЖОО-ның Өзбекстанда жұмыс істеп тұрғанын, орыс тілін оқыту орталықтары барын, мәдени ошақтардың санының артқанын келтірді.
Ол Ресей президенті Владимир Путиннің ТМД елдерінің басшыларының кеңесінде ТМД аймағы бойынша "Орыс тілі жылын өткізу" ұсынысын қолдағанын да айта кетті.
"Бұл тұрғыдан Өзбекстанның тарихи тәжірибесі көп. Мысалы 70-жылдары Ташкентте ғылыми және мәдени ортаны шақырып, үлкен "Орыс тілі - достық пен халықтар әріптестігі тілі" атты масштабты форум өтті. Яғни бізде тәжірибе, өзіндік әдіс пен аталмыш бағыттағы шараларды өткізу көріністері бар. Біз бұл ұсынысты қуана іске асыратын боламыз", - деді министр.
"Адырна" ұлттық порталы