Қатаң шектеулер: Ресейде күн сайын мыңдаған адам өлуде

11366
Adyrna.kz Telegram

Ресейдегі коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметі бойынша, 30 қазандағы жағдай бойынша Ресейде өткен тәулікте 40 251 адамнан вирус анықталған. Бұл жаңа абсолютті антирекорд. 

Ресейде індет жұқтырғандардың жалпы саны 8 472 797 адамға жетті. Бір күн ішінде коронавирустан 1160 науқас көз жұмған. Нәтижесінде, пандемия басталғалы бері қайтыс болғандардың жалпы саны 229 528-ге жеткен. Вирустан сауығып шығушылар саны күндік көрсеткіш бойынша жұқтырушылар санынан 30%-ға аз. Сондықтан Ресей 7-қарашаға дейін қатаң карантиндік шектеулер енгізді. Вирус жұқтыру бойынша Мәскеу мен Петербург қалалары көш бастап тұр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер