Орман өртеген 24 адам өлім жазасына кесілді

4947
Adyrna.kz Telegram

Сирияда 2020 жылы қасақана орман өртеген 24 адам өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

«Өлім жазасына кесілгендерге адам өліміне және мемлекеттік инфрақұрылымға, қоғамдық және жеке меншікке зиян келтірген террористік актілері үшін айып тағылды", - делінген министрліктің хабарламасында.

Қылмыскерлердің кейбірі қасақана өртеу әрекеті үшін ақы алғанын мойындады.

Айта кетейік, жергілікті билік Латакия, Тартус, Хомс және Хама провинцияларында 280 қала мен ауылға әсер еткен 187 орман өртін тіркеген.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер