Өзбек журналисі Анора Садықова орыс тілін қолдаған шенеуніктерді сынға алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол " Медиа сауаттылық: БАҚ-тағы жетістіктер мен кемшіліктерді талдау" тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында мәлімдеме жасады.
Садықованың пікірінше, билік өкілдері өздерінің әлеуметтік желілерінде өзбек немесе ағылшын тілдерін қолдануы керек, өйткені бұл саяси тұрғыдан дұрысырақ.
Журналистің айтуынша, Өзбекстан билігі тілдік мәселелерде Ресейдің "ақпараттық шабуылдарына" ешқандай жауап бермейді. Ол мысал ретінде Ксения Собчактың «Дождь» телеарнасың эфирінде айтқан «Өзбекстан тұрғындары Пушкинді білмейді» деген пікірін атап өтті.
«Мен Пушкинді білмеймін, онда тұрған не бар екен? Білмеймін, ұнамайды. Бұл менің деңгейім туралы ештеңе айтпайды»,– деді БАҚ өкілі.
«Адырна» ұлттық порталы