Абзал Құспан Әлібиге қатысты мәлімдеме жасайды

4528
Adyrna.kz Telegram
Белгілі заңгер, қорғаушы Абзал Құспан өзінің фэйсбук парақшасында арнайы барып Әлібимен жолыққанын, алдағы апта Әлібидің ісіне қатысты мәлімдеме жасайтынын жеткізді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Жолда ұзақ жүргенде, кей жерде жағдайың болады, кей жерде табыла бермейді. Кеше жауырын тұсымнан шаншу қадалғанын анық сезіндім. Түске таман түшкіруім жиілей бастады, бірақ, “Әлібиге барамын, жағдайын өз көзіммен көремін”- деген уәде бар, ал уәде қазақ үшін - құдай сөзі!
Содан Алматыдан Қызылордаға ұшып шықтым. Ұшақтан түсе сала, Қызылорда уақытымен 14.00-де Әліби жазасын өтеп жатырған “ЗКО 169/5” мекемесінің алдында тұрдым. Сөйтсем, оларда түстен кейін жұмыс 15.00-де басталады екен, ішке кіруі бар, іштен Әлібиді “табудың” тудырған қиындығы бар, сәл ашу шақырып, айқайға салғаным бар, Әлібимен кешкі 5-тен кете кездесудің сәті түсіп, 18.00-де шыққанымда ауруға әлсіздік қосылып, енді ем алмасам жағдайымның нашарлайтынын толық сезіндім.
... Сондықтан да кеше сақтық жасап Қызылордадан Алматыға пойызға билет алдым. Барысымен Әлібиге қатысты мәлімдеме жасаймын деп отырмын. Негізі, кеше колониядан шыға сала сол жерде жасаймын деп ойлағам, оған денсаулық жағдайы болмады, бүгін-ертең сенбі, әрі пойызда боламын, сондықтан құдай қаласа дүйсенбі-жұмыс күні деп отырмын!", — деді қорғаушы (қорғаушының сөзін еш өзгеріссіз беріп отырмыз-ред).
Айта кету керек, бұған дейін инстаграм парақшасында белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева Әлібиге қатысты істі Абзал Құспан өз қолына алатынын айтқан болатын.
"Адырна" ұлттық порталы.
Пікірлер