«Әйелдерге де рұқсат етілсін». Алагөзова көп әйел алу туралы ұсынысқа жауап берді

1386
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/814vHUypwx1ZMqcLbayIviZy80sirlWQpZIXUiDo.webp

Танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова депутат Абзал Құспанның мәлімдемесіне жауап беріп, әйелдерге де бірнеше рет тұрмысқа шығу құқығын заңдастыруды ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мен бірнеше рет тұрмысқа шығуды заңдастыруды ұсынамын. Ерлерге болады да, әйелдерге неге болмайды? Біздің зайырлы мемлекетіміздің заңында ер мен әйел тең құқылы деп жазылған. Ал билік өкілдері шариғат заңдарымен өмір сүруді ұсынғанда, мұны қалай түсінуге болады?» – деді Алагөзова.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан көп әйел алуды заңмен реттеу қажеттігін айтқан еді. Ол елде ауқатты адамдардың көбінің бірнеше әйелі бар екенін, тіпті кейбірі бес әйелге дейін алғанын мәлімдеген болатын.

Пікірлер