Ауғанстанның Құндыз қаласында орналасқан шиит мешітінде жарылыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Aamaj News-ке сілтеме жасап.
Оның салдарынан 100-ге жуық адам қаза тауып, 200-ге жуығы түрлі жарақат алған . Төтенше жағдай кезінде Жұма намазы оқылып жатқан.
"Талибан" комиссиясының мүшесі Мохаммад Джалал шабуылды "Ислам мемлекеті" тобының содырлары жасағанына сенімді.
«Адырна» ұлттық порталы