Қандағы қант дозасы жасқа қарай ма?

5201
Adyrna.kz Telegram

Қандағы қант дозасы жасқа қарай ма?

Көптеген зерттеулер көрсеткендей, қанттың көрсеткіштері (басқа атауы - глюкоза) кез-келген жаста аш қарынға 3,3-тен 5,5 ммоль/л, егер қан саусақтан (капиллярлық қан)  алынса, ал шынтақ тамырлардан 3,3-тен  6,0 ммоль/л ға дейін норма болып табылады.

2 типті қант диабеті диагнозды (ересектердегі диабет) егер бірнеше өлшеулерден аш қарынға қант капиллярлық қанда 6,1 ммоль/л тең не одан жоғары немесе веноздық қанда 7,0 ммоль/л тең не одан жоғары болса ғана қояды. Егер адамда диабеттің айқын белгілері  көрінсе және қант деңгейі өте жоғары болса, онда диагнозды бір өлшеуден кейін бірден қоюға болады.

Қант диабетіне күдік пайда болғанда, қазіргі уақытта глюкозотолерантты тестті жүргізу ұсынылады, ол аш қарынға қанттың қарапайым талдауан гөрі аса сезімтал. Бұл үшін алдымен аш қарынға саусақтан немесе тамырдан талдау алынады, содан кейін адам 75 грамм глюкозамен ерітіндіні ішеді. Содан, екі сағаттан соң қайтадан қандағы қантты айқындайды. Қант диабеті кезінде жеткіліксіз дәрежеде инсулин өндіріледі, бұл өз кезегінде глюкозаның толық көлемде қайта өңдеудің мүмкінсіздігіне әкеп соғады. Тиісінше, глюкоза деңгейі жоғары болады - 11,1 ммоль/л және одан да жоғары. Дені сау  адамда қант 7,8 ммоль/л аспайды.

Көмірсу алмасуының бұзылыстарын анықтайтын тағы бір тәсілі - бұл гликирленген гемоглобинды (немесе гликозилирленген деп те атайды) анықтау. Бұл қандай көрсеткіш? Қанның құрамында болатын глюкоза ішінара эритроциттер гемоглобинмен байланысады – (қызыл қан  түйіршіктер) жеткілікті тұрақты қосылысты құрайды. Глюкоза гемоглобинмен осындай күйінде эритроциттың бүкіл "өмірі бойы"  қалады - шамамен 120 күн. Егер қандағы қант көбінесе нормадан артық болса, онда гликирленген гемоглобин  көрсеткіштері де 6,5% - ға жоғары болады. Бұл көрсеткішті қант диабетін диагностикалау, сондай-ақ, бақылау үшін пайдаланады. Мысалы, егер диабеті бар адам диетаны ұстамаса, дәрі-дәрмек қабылдауын өткізсе, онда  оның гликирлен гемоглобин  көрсеткіштері де жоғары болады.

Алайда, қан құрамындағы қант деңгейі нормадан жоғары болып, бірақ диабетке дейін жетпейтін жағдайлар да болады. Мұндай жай-күйді - преддиабет деп атады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері дәлелдеді,  осы сатысында, қант диабеттің дамуына дейін дәрілік препараттарды – метформинды  қабылдауға пайдалы болады (қантты төмендететін  препарат). Бұл шара қант диабетінің дамуын және оның асқынуын алдын алу үшін көмектеседі. Және, әрине, қант диабетінің алдын алу үшін диетаны ұстану, тұрақты физикалық жүктемелерді  жасау және салмақты бақылау өте маңызды болады.

Пікірлер