Коронавирустан соң туберкулез ауруы өрши ме – мамандар жауап берді

5502
Adyrna.kz Telegram

Алдағы бірнеше жылда Қазақстанда туберкулез ауру өршуі мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық фтизиопульмонология орталығында өткен баспасөз жиынында мамандар айтты, деп хабарлайды “Адырна» тілшісі.

Алдағы жылдарға болжам жасаған мамандардың пікірінше, дерттің асқынуына дер кезінде скринингтердің жасалмауы себеп. Өйткені, жалпы халықтың денсаулығын қадағалаумен айналысатын емханалар пандемияға байланысты жабылып, коронавирусқа қарсы жұмыс істеді. Бұл өз кезегінде халықтың жаппай туберкулезге қарсы тексерістен дер кезінде өтуін әжептәуір шектеген.

«Камеда» қоғамдық қоры ұйымдастырған шараға отандық БАҚ өкілдері қатысып, туберкулез туралы жан-жақты ақпарат алды.
Ортылық мамандарының айтуынша халықта туберкулезге байланысты қорқыныш пен үрей қалыптасқан. Оның басты себебі ақпараттың дұрыс жеткізілмеуі дейді ҚР Ұлттық фтизиопульмонология орталығынның бақылау, бағалау, эпидемиология және статистика, ақпараттандыру департаментінің басшысы Жазыбекова Панагүл.

«Бүгінгі таңда туберкулез ешқандай да қорқынышты ауру емес. Адамдар арасында ол туралы дұрыс емес түсінік қалыптасқан. Былтыр коронавирус болған кезде ешкім жасырған жоқ. Емделіп жазылып жатты. Бұл да сондай. Өкпеге түскен инфекцияны емдеуге болады. Сонымен бірге емдеудің барлық түрі және дәрі-дәрмектер тегін» дейді П.Жазыбекова.

«Адырна» ұлттық порталы 

Пікірлер