Баланың жөтелін қалай тез арада кетіруге болады?

52862
Adyrna.kz Telegram

Баланың жөтелін қалай тез арада кетіруге болады? 

1. Баланың бөлмесінде қолайлы жағдай жасау: салқын, ылғалды ауа (бөлме ішіндегі ең қолайлы температура 16-18 градус, ылғалдылығы - 40-60%).

2. Балаға жылы киім кигізіңіз, бірақ шамадан тыс қымтап киіндірудің қажеті жоқ.

3. Балаға көбірек сұйықтықты ішкізіңіз. Егер бала өзі ішпесе немесе сұйықтықты қабылдағаннан кейін құсу байқалса, шай қасықпен немесе шприцпен (инелерсіз) ішкізіңіз - бірнеше сағат бойы әрбір 5-10 минут сайын 5-10 мл-ден . Жылы судың өзі – ем болады.

4. 1 минут ішінде баланың тыныс алу жиілігін санау (тыныштықта). Нормасы: 0-2 айлық балаларда – минутына 60 рет, 2-12 айлық балаларда – минутына 50-ге дейін, 12 айлық- 5 жасқа дейінгі балаларда – бір минутта 40 рет (бір рет дем алу-бір рет дем шығару - бұл бір тыныс алу циклі боп саналады). Егер тыныс алу жиілігі жастық нормадан жоғары болса, дәрігерді шақырту қажет.

5. Құрғақ жөтел байқалса, физиологиялық ерітіндімен ингаляцияларды (2-3 мл) - қажеттілігіне қарай күніне бірнеше рет жасауға болады.

6. Жөтелге арналған сироптарды балаларға (әсіресе 2-ге толмаған балаларға) ешқашан бермеңіз! Балалар үшін ең тиімді және қауіпсіз іс-әрекет - бұл жай ғана таза ауыз су ішкізу.

7. Балаға дәрігердің тағайындаусыз, ата-аналар өз бетімен ешқандай антибиотиктерді бермеу керек! Антибиотиктер тек көрсетілімдер бар болса ғана тағайындалуы тиіс (жоғары дене температурасы + жастық нормалардан артып кеткен тыныс жиілігі + баланың өкпесінде сырылдар естілсе және/немесе қан талдауында немесе рентгенограммада өзгерістер болса).

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер