Қарызын қайтармақ болған. Баланың аузы мен қолын байлаған әйел көршісі болып шықты

2686
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Алматы облысында баланың аузы мен қолын байлап, қараусыз жерге апарған әйел көршісі болып шықты. Ол бұл әрекетке қарызын қайтару үшін барған болуы мүмкін. Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Закиева айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік, Желіде баланың аузын және қолдарын айқастырып матамен байлап, көшеде ертіп жүрген бейнежазба тараған болатын. Бұл көрініске куә болған ер адам оларды сыртынан жасырып бейнежазбаға түсіріп алған.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, қыз бала табылған. Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады.

Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Қыздың анасы көрші әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрғанын айтты. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Анасының сөзінше, бұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін. Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді ол. 

Пікірлер