«Тұран» шағынауданын дамыту бойынша көшпелі жиын өтті

1701
Adyrna.kz Telegram

Қала шетіндегі шағынаудандарды дамыту бойынша көшпелі жиын жалғасын табуда. Бұл жолы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің «Тұран» шағынауданына атбасын бұрды. Жиында шағынауданды көгалдандыру, тұрғын үйді пайдалануға беру және жол құрылысы мәселері талқыланды.

Өз сөзін, қала халқының лайықты өмір сүруіне жағдай жасау қажеттілігінен бастаған шаһар басшысы Мұрат әйтенов  ең алдымен инфрақұрылыммен қамтамасыз ету ісін жүйелендіруді қолға алуды атап өтті. Сондай-ақ, сапалы тұрғын үй салу, сонымен бірге газ, ауыз су, сапалы электр жарығы, жол мен абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін ретке келтіруіміз керек, деді.

Көшпелі жиында «Тұран» шағынауданының даму жоспарына сәйкес,  14 ораммен - 24 орам аралығындағы  тұрғын үй және әлеуметтік нысандар, саябақтар құрылысы, сонымен қатар, 25 орам мен 29 орамдардың аралығындағы  инженерлік жүйелердің құрылыс жұмыстары мен жол мәселесінің барысы пысықталды.  Бүгінде шағынауданның 13 көшесінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол, веложол және автомобиль жолдардың сызбалары енгізілген. №1,2,6,7,8,10 көшелердің құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланса,  3,4,5,9,11,12,13 көшелердің құрылыс жұмыстары  2022 жылға өтпелі. Сондай-ақ, шағынауданды мектепке баратын жолмен қамтамасыз ету бойынша жалпы ұзындығы 908 м, ені 6 м жолға 2 қабатты асфальт төсеу жобаланған.

Кезекті көшпелі жиынды қорытындылаған қала әкімі Мұрат Әйтенов салалық басқармаларға құрылыс жұмыстарының кестеге сай өз уақытында сапалы атқарылуын қадап тұрып тапсырды. Сондай-ақ, әрбір мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарының барысында қауіпсіздік шараларына мұқият болу жағы қайта-қайта ескертілді.

 

Г. Асқарқызы                                     

 

Пікірлер