Инстаграмдағы керемет өмір қалай көрінеді?

4399
Adyrna.kz Telegram

Инстаграм парақшасында бақытты өмір сүріп жатқанымызды жалпақ жұртқа жариялау үшін сіз бен біз түрлі қулыққа барамыз. Инстаграмда танымал болған жан оқырманы көбейген сайын жарнама алып, аз-маз ақша табады.

Суреттегі сұлу бикештер мен сымбатты жігіттер — шынайы өмірде мүлде қарапайым адамдар. Кейбіреуі жағдайы төмен болса да, оқырмандарының алдында бай көрінгісі келіп, сәні мен салтанаты келіскен жерлерге суретке түсіп, оны желіге жүктеп жатады. Оған суретті өңдейтін арнайы бағдарламаларды қосыңыз. Бүгінде адамның мүсінін мінсіз ететін мыңдаған бағдарлама бар. Сонымен әлеуметтік желідегі өтірік өмір қалай жасалады? Мән беріп қараңыз және үйреніңіз. Сізге де бір қажеті болып қалар, оқырман!

"Су жаңа аяқ киім алдым"

"Теңізге қараған нөмірі бар қонақ үйдемін"

"Сүйіктіммен бірге серуендеп жүрмін"

"Теңіз жағасында қыдырып жүрмін"

"Жаңа автокөлігімді "жуындырып" жатырмын"

"Айфон сатып алдым"

"Жаңа сөмкемді көрсетіп қояйын"

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер