Ауғанстанда АҚШ қалдырған қару-жарақ 85 миллиард долларға бағаланды

3052
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық федералды қызметінің (FSWTS) директоры Дмитрий Шугаев америкалықтардың Ауғанстанда қалдырған қаруының жалпы құны 85 миллиард долларға бағалануы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол "Звезда" телеарнасының эфирінде хабарлады.

“22 мың бронетехника, 358 мың автомат, 176 артиллериялық қондырғы, 8 мың жүк көлігі, көлік ұшақтары, жүзден астам қаруланған тікұшақ. Шындығын айтқанда, бұл сандар шошытады”,– деді директор.

Ол америкалық әскердің Ауғанстаннан асығыс ұшуы елге көп шығын әкелгенін атап өтті.

Еске салайық кетейік, 2021 жылғы 31 тамызда АҚШ өз әскерін Ауғанстаннан толығымен шығарып, жиырма жылдық миссиясын аяқтаған еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер