Коронавирустың алғашқы белгілері өзгерді

3582
Adyrna.kz Telegram

Дәрігерлер күзде COVID-19 инфекциясының алғашқы белгілері күрт өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мамандардың айтуынша, енді коронавирусты суық тиюмен немесе тұмаумен оңай шатастыруға болады.

«Адамның дене қызуы тұмау кезіндегідей көтеріледі, бірақ ол ұзаққа созылады », - деп түсіндірді дәрігер Александр Эдигер.

Эдигер коронавирус жұқтырған науқастарда мұрынның шырышты қабығының қабынуы, тамақ ауыру, қақырықты жөтел сынды белгілердің болатынын атап өтті.

Сондай-ақ маман неврологиялық симптомдар туралы да ескертті. Вирус жұқтырған жандардың бастары айналып, өздерін әлсіз сезінулері мүмкін.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер