Жастарға есірткі ретінде дәрі-дәрмек сатқандар ұсталды

3138
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысында жастар есірткі ретінде қолданып келген дәрі-дәрмектерді сататын интернет -дүкен жабылды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақмола облыстық полиция баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 30 жастағы Көкшетау қаласының тұрғынын ұстаған. Көкшетаулық тұрғыннан сатылуға тыйым салынған екі түрлі 30 таблетка  тәркіленген.

Ер адамның айтуынша, ол мессенджерлердің бірі арқылы интернет-дүкенге курьер болып жұмысқа орналасқан. Ол төрт айдан бері фармацевтикалық препараттардың «бетбелгілерін» жасайды.

—  Аталған дүкеннің әкімшісі де ұсталды. Ол — 29 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны. Дүкен байланыссыз жұмыс жасаған, оның тұрақты тұтынушылар базасы болған, — дейді аға жедел уәкіл, полиция майоры Разия Курсанова.

Тексеру барында әкімші әйелден 510 таблетка мен 51 бөтелке есірткілік зат табылып, алынған. Бүгінде сараптамалар тағайындалған.

Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер