Ресей елшісі Путиннің Қазақстанға сапарына дайындық жүріп жатқанын айтты

137
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zZ76k7CJKCbKUZFN0EVKu3Pq8A2EaYP1GjxfxUmH.jpg

Қазіргі уақытта Мәскеу мен Астана 2026 жылы Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапарының мерзімін талқылап жатыр. Бұл турал Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" порталы Report басылымына сілтеп.

«Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапарына келсек, мұндай жыл сайынғы өзара сапарлар тәжірибеге айналды. Қазір оның нақты күндерін келісу және келіссөздердің мазмұнын пысықтау жұмыстары жүргізілуде», – деді дипломат.

Күндеріне қатысты нақтылай келе, елші мамыр айының соңында Астанада Еуразиялық экономикалық одақ елдері көшбасшыларының қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы жоспарланғанын, оған Ресей президентінің де қатысуы күтілетінін айтты.

«2026 жылы Қазақстан ЕАЭО-ға төрағалық етеді. Мамыр айының соңында Астанада Одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді, оған Ресей көшбасшысы да қатысады», – деді Бородавкин.

Елші Путиннің Қазақстанға сапары екі ел арасындағы қатынастар тарихындағы маңызды беттердің біріне айналуы мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл сапар Мәскеу мен Астана арасындағы ынтымақтастықтың дамуына қосымша серпін беруі ықтимал.

Пікірлер