Теміртауда күйеуі әйелінің ажырасамын деген сөзін көтере алмай жүк көлігімен өзін өлтірмек болды

3536
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысы, Теміртау қаласында жүк көлігінің жүргізушісі әйелімен жанжалдасқаннан кейін, өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  "Вечерняя Караганда" Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Оқиға Бұқар Жырау ауданындағы Мұстафин атындағы ауылда орын алды.  Жүк түсіргішін айдаған ашулы жүргізуші ауыл тұрғындарының есін әбден шығарып,  көлігімен елді мекендегі сымдарды үзіп ары-бері жүрген.

Зәресі кеткен түрғындар жедел түрде тәртіп сақшыларын шақырған. Осыдан соң ер адам жүк көтергішімен бірге ауылдан қашып кетеді. Тұрғындардың шақыртуымен келген полицейлер ауылдан екі шақырым жердегі даладан тәртіп бұзушыны тапты. Ер адам автомобильде өзін өлтірмек болғаны анықталды.

Ер адам ілмектен шығарылып, жергілікті полицейлер мен дәрігерлер 39 жастағы теміртаулық азаматты құтқарып үлгерді.

Белгілі болғандай, ер адам ажырасамын деп қорқытқан әйелімен жанжалдасқаннан кейін осындай қадамға баруға шешім қабылдаған. Енді азамат жүргізуші куәлігінен айырылып, залалды өтеуге мәжбүр болмақ.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер