Қайрат ҚАМБАРОВ: Апта сайын әлеуметтік желіде 30-дан астам бос жұмыс орнын жариялаймыз

2439
Adyrna.kz Telegram

Жастар – ел болашағы. Бүгінде елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру қандай деңгейде жүріп жатыр? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-нің басшысы Қайрат Қамбаровпен тілдестік.

Жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік басқару жүйесінің іске асырылуына қаншалықты жағдай жасап жатырсыздар?

– Бұл жоспарды жүзеге асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ 2021 жылы көптеген іс-шараны өткізді. Оларға жеке-жеке тоқталып өткенім жөн болар.

1) Елордалық жастарды тәрбиелеу мақсатында олардың әлеуметтік, интеллектуалдық, психологиялық және жеке дамуына бағытталған «Nur- Sultan Debate Cup 2021» жобасы бастау алды. Жоба аясында ашық алаң ұйымдастырылды, онда нақты құрылымдалған және арнайы ұйымдастырылған екі жақ арасында төмендегі тақырыптар бойынша пікір алмасу жүзеге асты.
«Nur- Sultan Debate Cup 2021» тақырыптары:
- Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл;
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл;
- Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығы;
- Коронавирус: насихаттау ма, әлде ХХІ ғасырдың обасы ма? ;
- Біздің заманымыздың блогерлері;
- Біздің уақыттағы әлеуметтік желілер;
- Қазақстанның шығармашыл жастары;
- Электромобильдер.
Пікірсайыс ойындары 2021 жылдың мамырынан қарашасына дейін, ай сайын өткізіледі. Турнир мен онлайн кездесулер және де қашықтықтан оқыту ZOOM платформасында өткізілді. Турнир ай сайын 6 кезеңнен тұрады, әр кезең өздігінен аяқталған іс-шара болып табылады. Әр кезеңге кем дегенде 50 қатысушы қатысады. Жоба аясында елорданың 16 жоғары оқу орны мен 35 орта арнаулы оқу орындарынан 600 -ден астам қатысушылар қамтылады.

2) 2020 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ «Есірткіге жол жоқ!» жобасын жүзеге асыруда. Жоба мақсаты - жастар арасында есірткі және психобелсенді заттарды теріс пайдаланудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау.
2021 жылдың 28 мамыр күні «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында 3000-нан астам адамды қамтыған «Дейін және Кейін» форматындағы фотокөрме ұйымдастырылды.

3) «TazaAlem 2021» жалпы экологиялық сенбілік жобасы аясында мұқтаж адамдарға, зейнеткерлерге, ардагерлерге және тыл еңбеккерлеріне көмектесу. Жоба аясында 63 қысқы және көктемгі сенбіліктер (қарды тазалау, ұсақ тастарды шашу) жүзеге асырылды. Жазғы маусымда эко-сенбіліктер, плоггингтер мен тимбилдингтер өткізу, сондай-ақ тұрғын үй алаптарының жанында ағаштар отырғызу жұмыстары белсенді басталды. Ағымдағы жылдың соңына дейін елорданың 1500-ден астам студенттері мен жастарын қамти отырып, жазғы және қысқы маусымдарда 50-ге жуық эко-іс-шара өткізу жоспарлануда.

4) 2015 жылдан бастап тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған «Аула клубтары» әлеуметтік жобасы тұрақты түрде жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда 28 аула клубы жұмыс істейді, олардың негізгі қызметі Нұр-Сұлтан қаласының балаларының, жасөспірімдерінің және жастарының бос уақытын қамтамасыз етуге бағытталған. Аула клубтарының үйірмелері мен секцияларына бару тегін негізде жүргізіледі. Бүгінгі таңда аула клубтарында халықтың әлеуметтік осал топтарынан 3000-нан астам бала білім алуда және жаттығуда.
Биыл жеті аула клубы ашылды:
- «Baby Town»;
- «Tahtay»;
- «Самғау»;
- «Динамо»;
- «Қол өнер»;
- «Үркер» ;
- «Сайран».

Жастарды жұмыспен қамту мәселесі қалай шешілуде? Өңір жастарының қанша пайызы жұмыссыз?

– Жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және кәсіптік бағдар беру мақсатында жастарға арналған «TIME TO CHANGE» «Жастардың кәсіби және жеке дағдыларын дамыту мектебі» жобасы аясында онлайн/оффлайн тренингтер өткізіледі. 2021 жылдың сәуір айынан бері 700 адам қатысты. Әр тренинг аяқталғаннан кейін сертификаттар беріледі.

2021 жылғы 26 ақпан және 15 наурыз «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ бірлесіп: «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ, «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС, «Медикер Астана» ЖШС, «SaNa-K-education» білім беру орталығы, «Самрұқ-Қазына» АҚ «Samruk Qyzmet» бірыңғай рекрутинг онлайн платформасы, «Скиф Трейд» ЖШС, «Астана орманы» ЖШС, «Нұрбанк» АҚ, «Қазпошта» АҚ АФ «Астана почтамты», «Magnum Cash & Carry» ЖШС, «Қаржы орталығы» АҚ сияқты ұйымдарымен жұмысқа орналастыру саласында бірқатар меморандумдарға қол қойды.
Меморандумдарға қол қоюдың негізгі мақсаттары: жұмысқа орналастыру саласында әріптестік қатынастар орнату, тәжірибе алмасу, 18-29 жас аралығындағы жастарды жұмысқа орналастыру және қолдау.
Ұйымдармен меморандумдарға қол қойылғаннан кейін жұмыс берушілер жастар арасынан жұмысқа орналасу, практикадан өту немесе тәжірибеден өту мүмкіндігін қарастыруға ниеттенеді.
Нұр - Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ әр тоқсан сайын білім беру ұйымдарының түлектері, сонымен қатар жұмыс іздейтін жастар үшін Бос орындар жәрмеңкелерін өткізеді. Жәрмеңкенің мәні: үміткерлер үшін - лайықты жұмыс орнын табу мүмкіндігі, ұйым өкілдері үшін - білікті мамандарды таңдау мүмкіндігі.

Апта сайын @job_astana_jastary әлеуметтік желіcінде 30-дан астам өзекті бос жұмыс орындары жарияланады, олардың ішінде сұранысқа ие: қызмет көрсету саласы, сатушы-кеңесшілер, аспаздар, бухгалтерлер және т.б. Түйіндемелер электрондық пошта арқылы қабылданады: @job.astana.kz@mail.ru

Қазір елімізде еріктілерге ерекше көңіл бөлініп жатыр. Жалпы еріктілердің еңбегі қай салаларда сұранысқа ие?

– Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында «Астана жастары» ЖРО базасында Қалалық волонтерлер штабы өз қызметін жалғастыруда. Штабтың қызметі үшін волонтерлік ұйымдар, іс-шараларға қатысу үшін белсенді әлеуметтік қызметі бар азаматтар ынтымақтастыққа шақырылады. Қаңтар-сәуір айларында 250-ден астам акция өткізілді. 60 жеке аумақта жалғызілікті тыл ардагерлері мен зейнеткерлерге қар тазалау түрінде көмек көрсетілді, қаланың 20 волонтерлік ұйымдары мен кәсіпорындарының қатысуымен 4 000-нан астам азық-түлік себеті жеткізілді, волонтерлердің бірлескен күш-жігерімен әлеуметтік осал адамдар үшін заттар жинау бойынша акциялар, жоғалған адамдарды іздеу бойынша акциялар өткізілуде.
Жыл соңына дейін 300 белсенді волонтерларды оқыту жоспарлануда «Волонтерлар мектебі» жобасы аясында «Волонтерлар мектебі» жобасы 2015 жылы құрылды. Осы жобаны іске асыру барысында 1 300-ден астам адам білім алды. Жоба барысында волонтерлар «EXPO 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі, «Cities Mayors Forum Global Silk Road», «World Para Powerlifting Championships Nur-Sultan-2019», триатлоннан Әлем Кубогы «ITU World Cup» және «IV KWU Kyokushin World Championship» және басқа да халықаралық және қалалық іс-шараларда іс жүзінде қолданған кәсіби білім алды.
Волонтерлардың электрондық базасы жүргізілуде, онда 3 000-нан астам адам тіркелген, олардың 500-і қала аумағында белсенді волонтерлар болып табылады.
Сондай-ақ, мектеп жастарын әлеуметтік белсенділікке белсенді тарту және корпоративтік және эко волонтерлік бағытын күшейту жоспарлануда. Волонтерлік бастамашыл топтарға түрлі бағыттар бойынша волонтерлік қозғалыстар санын арттыру үшін құқықтық және ресурстық көмек көрсету.
Егер волонтерлік қызмет көмек көрсету кезінде жеке өзі қатысатын волонтер тұлғасында өтеусіз негізде көмек көрсетуді көздейтін болса, онда қайырымдылық қызметі меценаттың қатысуынсыз өтуі мүмкін. Сондықтан адамдар қайырымдылық пен волонтерлік арасындағы айырмашылықты жиі айта алмайды. Қайырымдылық өте тез дамып келеді, бірақ волонтерлік қызметіде артта қалмайды. Нұр-Сұлтан қаласында волонтерлік қызмет 14 жастан бастап жастар арасында танымал. Негізінен Волонтерлер Event бағыттарына, экологиялық акцияларға, әлеуметтік іс-шараларға, адамдарды іздеуге тартылады. ТЖ волонтерлік, онлайн волонтерлік, автоволонтерлік, жануарларды қорғау сияқты бағыттар даму сатысында.

– Жауаптарыңызға рақмет!

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер