Әнші Бүркіт: "Не болды енді бұл, не болды?"

11782
Adyrna.kz Telegram

Белгілі әнші Бүркіт өзінің инстаграм парақшасында кешегі Жамбыл облысында болған жарылыс кезінде қаза болған, он жыл бірге оқыған досын еске алып, жазба қалдырды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Қайран досым! Кешегі Тараздың маңында болған жарылыста қаза болған досым, Мейіржан! Жаның жәннатта болсын! Қайғырып отырмын , досым! Бес балаң қалды ғой артыңда! Бес балаң! Не болды енді бұл, не болды?!! Отқа бірінші жүгіріп, досым, кеттің-ау!.. Жас кеттің-ау , досым! 5 күн бұрын сенімен телефонмен сөйлесіп едім, абай болшы деп! Досымның жақындарына, бала-шағасына қайғырып көңіл айтам.
Жарылыстан кейін Мейіржанның денесін бүгін ғана түстен кейін тауыпты.
Тілсіз жаудың астында қалдың, бауырым! Айтар сөзім жоқ... Сен қаһармансың! Сен -Батырсың!
Он жыл бір класта оқып, бірге ойнап, бірге өскен досым! Қыршын кеттің! Артыңда қалған бес балаңа обал болды... Жаның жәннатта болсын!" — деп жазды әнші досын қимастықпен еске алып.

Айта кету керек, Бүркіттің досы Мейіржан Айманов — Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «СПиАСР» ММ бастығының орынбасары. Ол жарылыс кезінде қызметте жүріп қаза болды.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер