Ресей Тәжікстанның Ауғанстанмен шектескен шекара тұстарына әскери техникаларын жеткізіп жатыр. Оның ішінде «Корнет» атты танктерге қарсы зымыран кешендері де бар. Бұл жайында Тәжікстанның орталық әскери округі хабарлады деп жазды «Sputnik Таджикистан» ақпараттық порталы.
«Корнет» атты танктерге қарсы зымыран кешендері Ресейдің 201-ші әскери техникалық базасы ретінде Ауғанстандағы жағдайға қатысты эксплуатацияға беріліпті. Оны Ресей қорғаныс саласының артиллерия бөлімі басқарады.
Тәжікстанның Ауғанстанмен шектескен шекара тұсына Ресейдің өз әскери техникаларын апарып қоюы алдағы уақыттарда қауіптің болатынын көрсететін сияқты. Өзінің геосаяси мүдделерін қорғау мақсатында Ресей Талибан радикалды қозғалысының жасақтарын да қарулармен қамтамасыз етуі әбден мүмкін. Ресейлік әскерилер «Корнет» атты танктерге қарсы зымыран кешенін жаудың ұшақтары мен тікұшақтарына да қарсы қолданамыз деп отыр.
Бекболат ҚАРЖАН,
«Адырна» ұлттық порталы