Джо БАЙДЕН: Тәліптерге өтіп кеткен АҚШ-тың қаруларын ауған сарбаздарына қайтарып береміз

3992
Adyrna.kz Telegram

Пентагон Ауғанстанды Талибан радикалды қозғалысы басып алғаннан кейін өзінің сонда жұмсаған қаражаттарын санай бастады. Бұл жайында АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джейк Салливан мәлімдеме жасады.

Америкалық БАҚ-тардың хабарлауы бойынша АҚШ үкіметі Ауғанстан армиясын қару-жарақпен қамтамасыз етуге, елде ағарту жұмыстарын жүргізуге 80 миллиардтан астам АҚШ долларын шығындаған. Бұл қаражаттар ұшақтар мен тікұшақтар, бронотохникалар, тағы басқа да әртүрлі қаруларды сатып алуға жұмсалған. Қарулардың барлығын АҚШ қорғаныс күштері Кабулге тікелей жеткізіп берген. Бірақ Ауған үкіметінің салғырттығы мен жемқорлығынан АҚШ-тың қаржысы керексіз салаларға шығындалған. АҚШ өкіметі Ауғанстандағы кейбір жарамды техникаларының бәрін шығарып аламыз деп шешім жасапты. Бірақ тәліптерге қарсы соғысып жатқан ауған сарбаздарына қаурының бір бөлігін тапсырып кетеміз деп отыр.

Қазір АҚШ-тың көптеген бронотехникалары мен қорғаныс қарулары Талибан қозғалысының өкілдерінің қолына өтіп кеткендігі белгілі болғанын Джейк Салливан хабарлады. АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстандағы АҚШ қаруларының бір бөлігін Талибандықтардан алып, ауғандықтарға тапсыруға бұйрық берді. Бұл қатерлі қадам болса да, іске асыру керек деп тапсырма берді.

Қазір Ауғанстанда Талибан радикалды қозғалысының жасақтары мен Ахмед Масудтың әскерлерінің арасында шайқас жүріп жатыр. Джо Байден Талибанның қолына өтіп кеткен АҚШ қаруларын ауғандық қолбасшы Масуд бастаған топқа табыстамақшы. Егер де ауғандық сарбаздарға бұл қаруларды алып бермесек, олар тәліптердің қолына түсіп қаза болады деп отыр Байденнің өзі.

АҚШ президентінің өзі Ауғанстандағы барлық қару жарақтардың шығынын санап отырған жоқ, тек UH-60 Black Hawk ұшақтарының шығынын ғана ескеріпті.

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер