Украиндықтарды эвакуациялау үшін келген ұшақ Кабул әуежайында ұрланды. Бұл туралы Украина СІМ басшасының орынбасары Евгений Енин мәлімдеді, деп хабарлады «Адырна» тілшісі.
«Өткен жексенбіде біздің ұшақты басқа адамдар басып алды. Сейсенбіде ұрланды. Ұшақ украиналықтарды елден алып кетудің орнына белгісіз жолаушылармен Иранға ұшып кетті»,— деді шенеунік.
Министр орынбасарының айтуынша, әуе кемесін басып алған адамдар қарулы болған.
Айта кетейік, украиналықтарды Кабулдан эвакуациялаудың үш әрекеті де сәтсіз аяқталды, өйткені азаматтар әуежайға кіре алмады.
«Адырна» ұлттық порталы