Бұл жайында БҰҰ-ның бас хатшысының ресми өкілі Стефаном Дюжаррик хабарлады. Олардың ішінде екінші авиарейсте үкіметтік емес ұйымдардың да өкілдері бар.
Авиарейспен жеткізілген қызметкерлердің екінші легі Кабулден Алматыға келіп түсті. БҰҰ-ның қызметкерлері Ауғанстандағы жағдайға байланысты миллиондаған тұрғындарға гумантиарлық немесе басқа да көмектерді іске асыру шараларына қатысуға аттанған болатын. Олардың ішінде БҰҰ-ға қатысты, бірақ үкіметтік емес бірнеше ұйымдардың өкілдері де осы шараларға қатысқан.
Өткен аптада Кабулден Алматыға БҰҰ-ның жүздеген қызметкерлері жеткізілген болатын. Олар қауіпсіз режимде жұмыс жасауы үшін Қазақстан тарапы көмегін көрсетті. Ауғанстанда Талибан радикалды қозғалысының күш алып кетуі БҰҰ-ның да негізгі миисясының іске асуына кедергі жасады.
Ауған билігі мен Талибанның арасында жүріп жатқан қақтығыстардың кезінде елде БҰҰ-ның 3000-дай қызметкері жұмыс істеген болатын.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы