БҰҰ-ның 120 қызметкері Ауғанстаннан Қазақстанға жеткізілді

4207
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/612086e7d8bf4664620292.jpg
Бұл жайында БҰҰ-ның бас хатшысының ресми өкілі Стефаном Дюжаррик хабарлады. Олардың ішінде екінші авиарейсте үкіметтік емес ұйымдардың да өкілдері бар. Авиарейспен жеткізілген қызметкерлердің екінші легі Кабулден Алматыға келіп түсті. БҰҰ-ның қызметкерлері Ауғанстандағы жағдайға байланысты миллиондаған тұрғындарға гумантиарлық немесе басқа да көмектерді іске асыру шараларына қатысуға аттанған болатын. Олардың ішінде БҰҰ-ға қатысты, бірақ үкіметтік емес бірнеше ұйымдардың өкілдері де осы шараларға қатысқан. Өткен аптада Кабулден Алматыға БҰҰ-ның жүздеген қызметкерлері жеткізілген болатын. Олар қауіпсіз режимде жұмыс жасауы үшін Қазақстан тарапы көмегін көрсетті. Ауғанстанда Талибан радикалды қозғалысының күш алып кетуі БҰҰ-ның да негізгі миисясының іске асуына кедергі жасады. Ауған билігі мен Талибанның арасында жүріп жатқан қақтығыстардың кезінде елде БҰҰ-ның 3000-дай қызметкері жұмыс істеген болатын.  

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии
Другие материалы