Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтанда Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
РИА Новости хабарлағандай, кездесу Қырғызстанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы алдында болды.
“Мен осы ұйымның (Еуразиялық экономикалық одақ - ред.) Құрметті төрағасы ретінде бәрін бақылап отырмын және бұл ұйымды нығайтуымыз керек, басқалар да осында болатындай, көршілерді айтамын ... Өзбекстан, Тәжікстан болуы керек, бізге Түркіменстанмен де жұмыс істеу керек”,— деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, ЕАЭО - Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік негізінде құрылған, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеп жатқан халықаралық экономикалық интеграциялық бірлестік. Оған Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан мемлекеттері мүше.
«Адырна» ұлттық порталы