Токио Олимпиадасының жүлдегерлеріне 577 миллион теңге беріледі

3976
Adyrna.kz Telegram

Токио қаласындағы ХХХII жазғы Олимпиада ойындарында жоғары нәтижелер көрсеткен спортшыларға және олардың жаттықтырушыларына 577 миллион теңге сыйақы беріледі. Ақпарат «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне «Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 152 қаулысымен бекітілген мөлшерде осы қаулының қосымшасына сәйкес Токио қаласындағы (Япония) ХХХII жазғы Олимпиада ойындарында жоғары нәтижелер көрсеткен спортшыларға және олардың жаттықтырушыларына біржолғы төлемдерді жүзеге асыру үшін 2021 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 577 047 700 (бес жүз жетпіс жеті миллион қырық жеті мың жеті жүз) теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінсін»,– делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер