Америкалық әскерилердің ауған тұрғындарын эвакуациялау шаралары 14-ші тамыз күні басталды. Әскерилер Ауғанстанның президенті Ашраф Ғани елден кеткеннен кейін ауғандық тұрғындарды Талибан радикалды қозғалысының жасақтарынан қорғау үшін алдымен 3000 әскер аттандырды. Ауғанстандағы әуежай әскерлермен қоршауға алынды.
ИА REGNUM-нің хабарлауынша, АҚШ президенті Дож Байденнің мәлімдемесінен кейін Талибан радикалды қозғалысының өкілдері ауған тұрғындарын эвакуациялау бойынша АҚШ-тың президент әкімшілігімен келісімге келген.
Арада көп уақыт өткізбей, АҚШ-тың С-17 ұшақтарымен тұрғындарды эвакуациялау шаралары іске асып, бірінші этапта 1800 тұрғынды алып шыққан. Бұл операцияға оннан астам С-17 ұшағы қатысқан. 14 тамыздың өзінде АҚШ ұшақтары ауғандық 6000 тұрғынды эвакуациялаған.
"Адырна" ұлттық порталы