Бұқаралық спорт: Маңғыстау облысы республикада алдыңғы орында тұр

2203
Adyrna.kz Telegram
Бүгінгі күні қазақстандықтардың 31 пайызы  ғана бұқаралық спортпен айналысады. Ал Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш 36,4 %-ды  құрап, 2020 жылғы деңгейге қарағанда 11 959 адамға өскен деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай жетістікке ауладағы спорт алаңдарының, көшедегі жаттығу алаңдарының, балаларға арналған спорт мектептерінің, жекеменшік жаттығу залдарының көптеп салынуы, сонымен қатар спортшыларды тарту бағытындағы спорт федерациялары мен мамандардың жүйелі жұмыстары септігін тигізуде.
Бүгінде облыс бойынша 804 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның 435-і жазық далада орналасқан алаңдар мен воркауттар. Ауылдық елді мекендерге 210 алаң тұрғызылған.
Бұдан бөлек аймақта жабық ғимаратағы 32 спорт кешені бар. Оның 13 Ақтау қаласында орналасқан. Спорт мерекесі күні солардың бірқатарын аймақ басшысы аралап шықты.
С.Трұмов алдымен облыстық каратэ-до бойынша мамандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне барды.
Мұнда 5-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер каратэ-до, дзюдо, кик – боксинг, таеквондо, ушу секцияларына тегін қатыса алады. Мектепте жоғары деңгейдегі 34 жаттықтырушы 800 астам баланы шынықтыруда.
"Салауатты өмір салты – дені сау ұлт қалыптастырудың негізгі шарты" — деп Мемлекет басшысы мәлімдеген болатын. Президент бұл ойымен бұқаралық және балалар спортын дамыту стратегиялық басымдық екеніне назар аударып отыр. Президент тапсырмасына сәйкес, біз 2025 жылға дейін өңір тұрғындарының 45% спортқа тартуды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта жаңа спорт нысандарын салып, оларды керек-жарақпен толық жабдықтау міндеті тұр", — деді С.Трұмов.
Сондай-ақ, облыс әкімі “Маңғыстау Арена”жасөспірімдер спорт мектебінің қызметімен танысты.
Әмбебап денешынықтыру кешенінде 7-16 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар көркем гимнастика, самбо, қазақша күрес, шахмат сынды спорттың 21 түрінен тегін жаттыға алады. Биыл жаңа оқу жылында 22-ші ауыр атлетикадан үйірме ашылады. Бүгінде барлығы 133 топта 1600 жуық бала тәрбеленіп отыр. 2021 жылы осы спорт кешенінде жаттығатын 19 спортшы ҚР Чемипонаты мен халықаралық жарыстарда топ жарып, чемпион атанды.
Облыс әкімі мұндағы жаттықтырушыларды спорт мерекесімен құттықтап, шәкірт тәрбиелеудегі істеріне табыс пен жеңіс тіледі.
"Адырна" ұлттық порталы.
Пікірлер