Тәліптер Кабулды алды. 32 000 000 халқы бар ел ғой. Оның 20 милионға жуығы әйел заты. Сол 20 000 000 әйел жынысты Ауған халқы бұдан әрі мектепке бармайды, үйден ер адамсыз шықпайды; қап киіп жүреді; яғни, бұдан былай халықтың тең жартысы таза надан әрі жұмыссыз; мүгедек сыйпатында.
Бұны неге жазып отырмын?
Нұр-Сұлтанның көшесінде сақалын сапситып қойып, әйеліне қап кигізіп ертіп жүрген ұлымыздай адамға төзіммен қарауға мәжбүрміз. Себебі: оларды біздің заңымыз қорғайды.
Сонда біздің заң кімді қорғап тұр. Қазақтың қызын, қазақ мемлекетінің азаматын ата заңда белгілеген құқығынан айырып, білім алу, мекеме - ұйымдарда жұмыс істеу, айналамен адми қарым-қатынас жасау құқығынан айырып еркектік жеке меншік құлға айналдырған кісіні қорғап тұр; ұлтсыздық пен ғылымсыздықты ашық айтып, мемлекет заңын елемей, еліміз аумағында “шариғат заңымен” жүрген заң бұзушыны қорғап тұр. Бұрында отар — бодан кезімізде дін ұлтты сақтаушы фактр сыяқты дәріптелетін. Қазір ондай дін жоқ.
Қазір ше? Дін еркіндігі мен дін қатері бір сөз. Өткенде Атырау облысында 25 мешіт салынады деген хабар тарады. Недеген көп құлшылық үйі.
Қазірде Дін — ҒЫЛЫМСЫЗДЫҚ және ҰЛТСЫЗДЫҚ.
Ұлттық мемлекеттің барлық қатері — жойылу қаупі өз азаматтарының ғылымнан және ұлттан безуінен басталады.
Қазіргі дін ОЙ-САНА ОБАСЫ сыяқты тым тез жұғып, тым тез тарайды. Бұған МЕМЛЕКЕТТІК МАШИНАМЕН тосқауыл қоймасақ мына кең байтақ даламызда өз қазағымыз бастаған ҚЫРЫҚ ҚҰРАУ ТАЛИБАН әлі-ақ шаңдатып жосып жүретін болады.
ДІН НАСИХАТЫНДА ЖҮРГЕН ИМАМДАР МЕН НАМАЗХАН ҚАЗАҚТАРДАН — бауырларымнан өтінерім ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕН ҚҰНДЫ ЕШ ҚҰБЫЛЫС ЖОҚ ЕКЕНІН БАРЫНША ДӘРІПТЕСЕҢДЕР ЕКЕН. Халықты о дүниеге қызықтырып, жапыра құлшылыққа жықпасаңыздар екен. Өмірді — мына дүниені — отанды, ұлтты “БЕС КҮНДІК ЖАЛҒАН” деген сөзді қолданбасаңдар екен!
ӘР ҚАЗАҚ ДІНГЕ САҚ БОЛ!