Таганский аудандық соты стендап-комик Идрак Мирзализаданы 10 тәулікке қамауға алды. Оған өшпенділік немесе араздықты қоздыру бойынша Әкімшілік іс тағайындалды. Бұл туралы айыпталушыны қорғаған адвокат Сергей Бадамшин хабарлады.
"Таганский аудандық сотының шешімімен ер адам Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 20.3.1 бабында қарастырылған заңды бұзғаны үшін кінәлі деп танылды және оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды", - деді ведомствода.
Сот отырысында Мирзализаде өзін кінәлі деп санамайтынын айтты.
Айта кетейік, желіде тараған видеожазбада комик «орыстар мен нәжіс» туралы әзілдеген еді.
«Адырна» ұлттық порталы