Қазақстандық спортшы Софья Берульцева (61 кг) мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Отандасымыз каратенің кумитэ санаты бойынша А тобында бақ сынап жатыр.
Алғашқы жекпе-жекте ол түрік спортшысымен тең түссе, екінші кездесуінде Еуропа ойындарының жеңімпазы Сильвия Семерародан 5:1 есебімен басым түсті. Үшінші жекпе-жекте әзірбайжандық Ирина Зарецкаяны 5:4 есебімен жеңді. Осылайша отандасымыз 5 ұпаймен жартылай финалға жолдама алды.
Төртінші кездесуінде Софья жапониялық Аюми Уэкусамен кездесетін болады.
«Адырна» ұлттық порталы