ҚР еңбек сіңірген артисі Люция Төлешова өмірден өтті

2817
Adyrna.kz Telegram

Бүгін 80 жастан асқан шағында қазақ өнерінің көрнекті тұлғасы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, профессор, елімізде тұңғыш рет "Эстрадалық вокал" кафедрасының негізін салған қайраткер жан ЛЮЦИЯ ҚАЖЫҒАЛИҚЫЗЫ ТӨЛЕШОВА өмірден өтті.

Әлемді жайлаған індеттен қазақтың аяулы тұлғасы Люция Қажығалиқызы дүние салды.

Мәскеудегі Гнессиндер атындағы музыка академиясын тәмамдаған Люция Төлешова өзінің саналы ғұмырын кәсіби эстрада өнеріне арнады.

Соңғы демі үзілгенше Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының "Эстрадалық вокал" кафедрасының профессоры болып еңбек етті.

Люция Қажығалиқызы тәрбиелеген шәкірттер - Т.Забирова, Б.Шадаева, С.Майғазиев, Б.Мұхитдинова, Г.Қаспақова, М.Мүсірәлі, Ж.Арыстанова, Ә.Каримов, Қ.Түнтеков, Б.Құлғараев, Д.Каден, Б.Ретбаев т.б. Қазақстанның өнер кеңістігінде белгілі әншілер мен орындаушыларға айналды.

Жүрегі "Өнер" деп соққан Люция Қажығалиқызымен өмір мен өнер жолында әріптес болдық, сыйластық.

Өмірде ерекше қадір тұтқан Люция Қажығалиқызының ой-армандары мен мақсаттары көп еді...
Ажалға не шара?!

Отбасына, тума-туысқандары мен әріптестеріне, барлық шәкірттеріне қайғырып көңіл айтамын.

БАҚҰЛ БОЛЫҢЫЗ ЛЮЦИЯ ҚАЖЫҒАЛИҚЫЗЫ!

ҚОШ БОЛЫҢЫЗ, аяулы Люция апа!

Асхат Майеміровтың facebook парақшасынан

Пікірлер