Белгілі қазақстандық визажист, бет әрлеуші Санди Бексырға Түркияның Стамбул қаласында өз сән студиясын ашты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы визажист өзінің инстаграм парақшасында жазып, оқырмандарына жылы лебізін жолдады.
"Қыздар, шын армандар орындалады! Мен оған сенем. Керемет кездесу, жаңа керемет әлемдiк деңгейдегi азаматпен жұмыс жасау маған бұйырыпты ! Комментарий жазуды ұмытпаңыздар" — деген ол түріктің танымал жұлдызы Мұстафа Сандалға грим жасап, онымен алдағы уақытта жұмыс істейтінін жеткізді.
Визажистің жаңа сән студиясының ашылуына белгілі әнші Шаһизада мен Кәмшат Жолдабаева, т.б. өнер адамдары қатысқан.
Айта кету керек, Санди Бексырғаның студиясы мектеп және салоннан тұрады. Мектебі халықаралық статус алған, көп шәкірті әлемнің түкпір-түкпірінде жұмыс істеп жатыр. Ол 10 күн ішінде кәсіби мэйк-ап жасауды үйретіп шығарады.
Бүгінге дейін Санди қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мен неміс әншісі C.C.Catch-тің жеке визажисті атанды.
"Адырна" ұлттық порталы.