Эмирдің ата-анасы SMA-ға шалдыққан балаларға 49 млн теңге аударды

3882
Adyrna.kz Telegram

Маусым айында бір миллиард теңге тұратын «Золгенсма» инъекциясын алған Эмирдің ата-анасы жинақтан қалған ақшаны бұлшықет атрофиясына шалдыққан балаларға аударуға шешім қабылдады. Бұл туралы Талех Шахмаров пен Сабина Дәулетқалиева әлеуметтік желіде хабарлады.

"Баламыздың жағдайын және препараттың (Zolgensma) жанама әсерлерінің болмауын бақылай отырып, біз қосымша шығындарды қажет етпейтінімізді түсіндік. Анонимді қайырымдылық жасаушы бөлген ақша бізге жеткілікті болды деп сеніммен айта аламыз. Сондықтан қалған соманы басқа балаларға береміз деп шештік", - деп жазды олар.

Ерлі-зайыптылардың айтуынша, жинақ жабылғаннан кейін Эмирдің шотына 48 844 320 теңге (115 мың доллар) түскен. Бұл қаражат бұлшықет атрофиясымен ауыратын ШҚО-лық Эмилия Керимбаева мен Тараздық Айсезім Еркінге 24 420 000 теңгеден аударылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер