Түркістан облысында көне түркі дәуірінің тас мүсіні табылды

5509
Adyrna.kz Telegram
Түркістан облысында көне түркі дәуіріне қатысты ерекше пішінді тас мүсін табылды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессоры Мұхтар Қожа әлеуметтік желілерде жазды.
Ескерткішті Сапарбек Асқарбекұлы деген жергілікті азамат тауып, тиісті мамандарға хабарлаған.
Аталған тас мүсінді көру үшін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Археология ғылыми зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Мұхтар Қожа бастаған мамандар алдын-ала зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Мамандар көне түркі дәуіріне жататын тас мүсіннің бейнесі туралы түрлі болжамдар айтуда. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі алдағы уақытта жарияланады.
Айта кету керек, осы тас мүсінге ұқсас ескерткіштер Қазақстанның оңтүстігінде, Қырғызстанда, сондай-ақ Алтай өңірінде Кудырге кешенінде табылған болатын.
"Адырна" ұлттық порталы.
Пікірлер