Әнші Қайрат Нұртас Алакөлде ән кешін өткізген. Қазір Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жұмыстарын жүргізуде деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "zakon.kz-ке" сілтеме жасап.
Қайрат Нұртас өз инстаграм парақшасына концертте түсірген видеосын жариялап, "Рақмет, Алакөл" деген жазба қалдырған.
Ал Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне полициядан концертті ұйымдастырушыларға қатысты ешқандай материал түспегендігі туралы хабарланған."Қазіргі уақытта Үржар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жауапты қызметкерлері бұл факті бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде. Келіп түскен материалдар заңмен белгіленген мерзімде қаралады", - делінген хабарламада. Департамент сонымен қатар карантинді сақтау қажеттігін де еске салған. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы «сары» аймақта.
"Адырна" ұлттық порталы.
Ұқсас жаңалықтар
«Әрбір әннің сөзін тексереді». Қытай билігі Қайрат Нұртасқа кейбір әндерін орындауға рұқсат бермеген