Қазақ қалжыңы
Қожанасырдың құрбандық шалуы
Қожанасыр құрбан шалуға жалғыз сиырын соймақшы болып, аяғы байланған малдың үстіне әйелі мен баласын мінгізіп қойып, сиырын асыға-үсіге бауыздап бауыздап жіберіпті де, өзі сиырдың үстіне отыра кетіпті. Шала бауыздалған сиыр бұлқынып қалғанда, әйелі баласымен бірге ұшып түсіпті. Жығылған орнынан секіріп тұрып «Қыл көпірден о дүниеде алып өткім келмейді ғой қасақы неме! Боқты алып өтесің!»-деп жүгіріп барып анадай жерде жатқан арқанды ала сала әйелі мен баласын шала-жансар тыпырлап жатқан сиырдың үстіне етпетінен жатқызып қойып, арқанмен таңып тастапты. Ал, өзі жалмажан мойнына мініп алыпты да, екі мүйізінен бар күшімен ұстап:«Айламды асырдым ғой, енді қыл көпірде қалай туласаң да құлап түспеймін,» - деп массаттанған екен.
“ Айтуға болмайды”
Атасы Қожанасырды ертiп құрбан айтқа сою үшiн мал iздеп базар барса керек. Бiр семiз қой iлiге кетiптi. Алып келе жатса, әлгi қой өз денесiн өзi ауырлап жатып қапты. Сүйрей-сүйрей шаршаған Қожа семiз қойға қарап тұрып: “ Сiлең қатқыр доңыз-ай, сiлемдi қатырдың ғой” десе, атасы:
“Бiттi, балам, бұл ендi харам, жеуге болмайды” деп кездескен бiреуге сатып жiберiптi де, Қожаны ертiп базарға қайта жөнелiптi. Келесi алған қойы алғаш қысынан да семiз болса керек, орта жолда тұралап қапты. Кiжiнiп, бiрдеңе айтып жүрген атасына Қожа:
“ Не деп жүрсiз десе, “ ей несiн сұрайсың, балам, айтуға болмайды, әйтпесе, әлгiнiң дәл өзi екен бұл да ” дейдi.
Ұқсауын ұқсайды
Бiр бай құрбандыққа қой шалады. Онысы өте семiз шығады. Иесi қуанып кетiп:
– Майы аппақ, нақ шошқаның етiндей екен! - дегені сол еді, қасында тұрған молда:
– Бұл қой ендi арам болды, құрбандыққа жарамайды, - дейдi. Бай амалсыз екiншi қой әкелiп сояды. Ол қой да семiз шығады. Сонда әлгі бай:
– Молдеке кесерге қарасы жоқ. Әлгi бәлеге ұқсауын ұқсайды, тек айтуға болмайды, - дептi.
***
Молданың бір түйесі болыпты. Бір күні түйесі ауырып қалады. Хайуанаттардың ауруларын білетін кісілер түйені қарап шығып, оның көп ұзамай өлетінін айтыпты. – Түйе бәрібір өлетін болса,- дейді Молда,
- Онда оны құдайға құрбандыққа шалуды жөн көріп, түйені сояды. Бұдан соң ол қайда барса да, Құдайға құрбандық етіп шалайын. Молда түйені сояды. Бұдан соң ол қайда барса да, Құдайға құрбандыққа түйе шалғанын айтып қоймайды. Ақыры оған:
- Ей Молда, сенің бұл ісің сонша керемет пе еді? Әбден зықымызды шығардың ғой. Той болсада, томалақ болса да, тек сол туралы айта бересің, - дейді.
Сонда Молда тұрып былай депті:
- Тойда да, томалақта да, жерлеуде де, көшеде де болсын тек осы туралы айта беремін. Құдай Исмайыл пайғамбарға кішкене қозыны құрбандыққа шалып еді ғой, осы туралы молдалардың айтпайтын күні жоқ. Бұл туралы тіпті Құранға да жазып қойыпты. Ал мен сондай үлкен түйені сойдым ғой! Бұл туралы мен неге үндемеуім керек?
Парсы қалжыңы
Молла Насыреддин ашынасынан:
- Тегеран мен Казвин арасы қанша? - деп сұрапты.
- Жиырма төрт фарсах (Ирандағы жол мөлшері, бір сағаттық жол) - депті досы.
- Ал, Казвин мен Тегеран арасы ше?
- Ол да сол жиырма төрт фарсах.
- Олай болуы мүмкін емес. Құрбан айт пен Ашур (Ашур мейрамы – мұхаррам айының 10-күні, шейіттердің азап шегушілерге бата оқыр дәстүрі.) Мейрамның арасы небәрі бір-ақ ай, ал Ашур мейрамынан Құрбан айтқа дейін он бір ай ғой,-депті Насыреддин.
***
Казвиндық біреудің жейдесі шатырдан жерге түскен екен.
- Бір қойды құрбан шалу керек, - дейді ол әйеліне.
- Ол ненің ақысы? – деп әйелі таң қалады.
- Сол жейденің ішінде өзім болмағаным үшін.
Түрiк әзілі
Құрбан
Көрген-бiлгенi кемшiн бiреу құрбан шалуға ниет қылыпты. Бiрақ құрбанның қандай хайуаннан болатынын бiлмейдi. Бейшараның жалғыз бiр еркек лағы бар екен. Дереу көршiсiнен сұрау -ойына келедi...
- Көршi, лақты құрбан шалуға бола ма?
Көршiсi:
- Бiлмеймiн, барда уағызшыдан сұра,- деп оны уағызшыға жолдайды.
Сәтi түсiп алдынан уағызшы да кезiге кетiптi.
Тағы да асығыстықта:
- Лақ аға, уағызшыдан құрбан шалуға бола ма?
Уағызшы ашуланып:
– Кет, жоғал көз алдымнан. Ненi қаласаң соны құрбандыққа шал, - дептi.
Мүйізсіз қошқар
Бір құрбан мейрамы қарсаңында ақын Хашмет көктен іздегені жерден табылған Фитнат Ханымды кездестіріп қалады. Құрбандық шалуға «Бейазид» алаңын аралай қой таңдап жүрген ханымды көре сала жақындай келіп:
- Мұнда не жұмыспен жүрсіз ханымым? Маған тапсырар бір әміріңіз бар ма? - деп сұрайды.
Фитнат ханым ешқандай бұйрығының жоқтығын, тек құрбан шалуға бір қошқар алатынын айтады.
Хашмет ақын әдеттегідей қалжыңмен қағысып:
– Бұл жолғы мейрамда Сіздей сұлу ханымға құрбаныңыз мен болсам қайтеді? - деп сыр тартады.
Фитнат ханым Хашметті сөзбен шалып:
- Өкінішке орай болмас, өйткені осы мерекеге мүйізсіз бір қошқар шаламын,- депті.
Тансу Шиллер
Тансу Шиллер Самсунда құрбан айт мейрамы уақытында халқын мейрамымен құттықтағысы келіп:
– «Сүйікті Самсұндықтар, мүбәрәк Рамазан мейрамдарыңыз деп жаңылыс бастай бергенде (арт жақта тұрған бір қызметшісі құрбан мейрамын айтқысы келгенін аңғарып, «құрбан мейрамы» -ханымым деп түзелтіп сыбырлап үлгереді) мүбәрәк Рамазан мейрамыңыз болмаса да сол теңдес мүбәрәк Құрбан мейрамдарыңызбен құттықтаймын деп сөз тауып кетеді. »
Қалжыңсыз тосыннан болған бір оқиға.
Жинаған әрі аударған Мақсұтхан Жақып