Дене қызуы көтерілген бала анықталған Air Astana рейсі тоқтатылды

3344
Adyrna.kz Telegram

Төрт жасар баланың дене қызуының көтерілуіне байланысты Эйр Астананың Анталиядан Нұр-Сұлтанға ұшу рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды "Адырна".

18 шілдеде Анталия - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша KC598 чартерлік рейсін орындайтын Air Astana бортында  төрт жасар жолаушының температурасы жоғары болды. Экипаж әуежайдың тұрағына оралуға шешім қабылдады.
«Эйр Астана» АҚ баспасөз қызметі

Әуекомпания барлық жолаушылар уақытылы тасымалдау және қонақ үймен қамтамасыз етілді деп сендірді.

KC598 рейсі 19 шілдеде сағат 03: 22-де ұшып, жергілікті уақыт бойынша 10: 36-да Нұр-Сұлтанға келді.
«Эйр Астана» АҚ баспасөз қызметі

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер