1972 ж.22- январьда 22 жасар стюардесса Весна Вуйлович ,,YA" авиакомпаниясының ұшағымен Стокгольмнан Белградқа ұшып шығады.
Неміс қаласы Херсдорфқа жақындағанда 10 мың метр биіктікте ұшақта хорват ұлтшылдары қойған бомба жарылып, Веснадан өзге экипаж мүшелері мен жолаушылар түгелдей қаза табады. Багаждағы жеңіл заттардың арасында қыстырылып қалған Весна ұшақтың құйрық бөлімімен бірге ормандағы қарағайлар үстіне түсіп, соққы екпіні бәсеңсігеннен кейін, қалың күртік қарға кіріп кетеді. Ал оны бірінші тауып алған орманшы бұрынғы дәрігер болып шығып, оған арнайы қызмет келіп жеткенше қажетті көмек көрсетеді. Бас сүйегі, екі қол, екі аяғы, қабырғалары сынған қыз бірнеше күн ес-түссіз, он ай сал болып жатып, екі жылдай емделгеннен соң өзінің авиакомпаниясына қайта жұмысқа оралыпты.
Есімі Гиннес кітабына еніп, 2016 жылы 66 жасында өз шаңырағында дүниеден өтіпті.
Рамазан АЖНИЯЗОВТЫҢ
фейсбук парақшасынан